Көз керген қазақ батыры
Көз керген қазақ батыры,
Алысқа кеткен дағбыры.
Хан Кенедей ер қайда,
Шейіт боп кеткен тағдыры!?
Өлшеулі күні біткен соң,
Алладан ажал жеткен соң,
Кәпір салған тұзаққа
Ілініп бір кеткен соң,
Қош - қош айтып еліне,
Самалды шалқар көліне,
Құбақан сағым беліне,
Иманын тілеп алладан,
Көзден таса ақыры.
Наурызбай төре ер еді,
Өн бойы өнер сері еді,
Көпірмен сансыз шайқас сап,
Дәл ортада айқасып,
Бекерге өлем демеді.
Күркіреп солар тұрғанда
Қазақты жау жеңбеді.
Хан Кене кетті арадан,
Орысқа қазақ қараған.
Шұбыртпалы Ағыбай,
Тобықтыдан Құнанбай,
Байсейіт пен Жанғұтты,
Дүйсенбай мен
Қоңыр жүр
Тілеп жәрдем алладан.
Басқа амалы қалмаған,
Нысапсыз екен бұл кәпір,
Жеріңді алды, малды алды,
Пәлесі жоқ салмаған,
Қайысады қабырғаң
Көтере алмай салмағын.
This work was published before January 1, 1929, and is in the public domain worldwide because the author died at least 100 years ago. |